«ҚАЗМҰНАЙГАЗ ӨНІМДЕРІ» ЖШС slogan
Call-орталығы
19.11.2018
139 просмотров

«ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС Жалғыз қатысушысының 2018 жылғы 15 қарашадағы № 47 шешімімен (13-тармақ) «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС Бас директоры (Басқарма төрағасы) болып Бауыржан Сәлімгереев тағайындалды.

Бауыржан Оңдасынұлы Сәлімгереев 1982 жылғы 5 қаңтарда дүниеге келген. 2003 жылы ҚМЭБИ, 2006 жылы Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық университетін аяқтады.

2003 жылдан бастап «Эрнст Янг» ЖШС және «Делойт» ЖШС аудиторлық компанияларда түрлі лауазымдарда болды. 2007 жылдан бастап мұнайгаз саласында, «КазГерМунай» БК» ЖШС, «Урал Ойл энд Газ» ЖШС, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ басшылық лауазымдарды атқарған.

2018 жылдың сәуірінен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнай өнімдерінің маркетингі департаментінің директоры болып қызмет атқарды.

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу