«ҚАЗМҰНАЙГАЗ ӨНІМДЕРІ» ЖШС slogan
Call-орталығы

Электрондық талон – бұл цифрлық құжат, оның кодына мұнай өнімдерінің түрі (бензин, дизель отыны) мен көлемі, сондай-ақ оның жарамдылық мерзімі шифрланған.

Электрондық талондар жүйесі Сатып алушыға мұнай өніміне 100% төлем жасалғаннан кейін электронды деректер базасында әрбір нақты сатып алушыға берілген бірегей нөмірмен (кодпен) мұнай өнімдеріне талон алуға мүмкіндік береді. Сатып алушы электронды талонды басып шығарып немесе кейіннен мобильдік телефон арқылы бірегей нөмірді (кодты) көрсете отырып, «ҚазМұнайГаз» ЖМҚС-да отынның тапсырылған көлемін алады.



«ҚАЗМҰНАЙГАЗ» электрондық талон артықшылықтары:

1.      Электрондық талондарды қабылдау бойынша ауқымды ЖМҚС желісі. 

Қазақстан Республикасының барлық аумағында «ҚазМұнайГаз» электрондық талондарды қабылдайтын 300-ден аса ЖМҚС, 3 ЖМҚС-АГҚС, 12 АГҚС жұмыс істейді.

2.      Пайдаланудың жеңілдігі мен ыңғайлығы

  • уақыттың үнемділігі;
  • белгілі бір кезеңге тиянақты баға;
  • Жеке кабинет арқылы онлайн-бақылау және басқару мүмкіндігі;
  • клиент пен ЖМҚС операторы үшін жеңілдетілген құжат айналымы;
  • онлайн-режимдегі талондармен жасалатын барлық операциялар бойынша толық есептілік;
  • ынтымақтастықтың тиімді шарттары;
  • ағымдағы тұтынуды талдау негізінде ақша қаражатының жұмсалуын уақтылы жоспарлау;
  • жасырын төлемдер мен қандай да бір комиссиялардың жоқтығы.

3. Төлем тәсілдері

Төлем E-pay сервисі арқылы банктік картамен және/немесе аударыммен (егер бір тапсырыстың жалпы сомасы 1000 айлық есептік көрсеткіштен артық болса, Сатушының есеп-айырысу шотына немесе Сатушының кассасына аудару) жүзеге асырылады.

4. Ақша қаражатының қауіпсіздігі

Қағаз талонмен салыстырғанда электрондық талонның қорғаныс деңгейі өте жоғары. Талондарды ұрлату немесе жоғалту кезінде Сіз оларды өзіңіз блоктап, жазбаша өтінім жолдау арқылы ақша қаражатын қалпына келтіре аласыз.   

5. Мұнай өнімдерін таңдау

Электрондық талондар бір мезетте автокөлік құралдарына отынды толық көлемде құю жолымен ЖМҚС-та көрсетілген Электрондық талондардың номиналдарына сәйкес оларды пайдалану мерзімі ішінде ғана Қазақстан Республикасының барлық аумағында жарамды болып саналады және Сатушының ЖМҚС-да қызмет көрсету үшін қабылданады.

Егер отын Сатып алушының автокөлік құралының багына сыймаса, таңдалмаған көлемнің қалдықтарын бұған дейін отын құйып алған ЖМҚС-та ағымдағы ауысым ішінде пайдалану қажет.

6. Жеке кабинеттің функциялары

  • E-Pay сервисі арқылы онлайн режимінде толықтыру;
  • Электрондық талондардың ағымдағы жағдайын қарап отыру;
  • тапсырыстар тарихын қарау және жүктеп алу;
  • таңдалған кезеңге төлем шоттарын қарау және басып шығару;
  • электрондық талондарды блоктау/блоктан босату;
  • Профилді редакциялау және парольді өзгерту;
  • «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС-нің Жеке кабинетке қолдау көрсету қызметімен кері байланыс.

Электрондық талондарды алу үшін мынадай іс-әрекеттерді орындау қажет:

1. www.azskmg.kz сайтында Электрондық талондардың Жеке кабинетінде тіркелу.

2.  Шарт жасасу:

2.1. жеке тұлғалар үшін – жария офертамен танысу және «Мен мерзімдермен және талаптармен келісемін» сілтемесін растау, Жария қоса беріледі.

2.2. заңды тұлғалар үшін – тіркелу және шартты ресімдеу сату кеңселерінде жүргізіледі. Шарттың жобасы қоса беріледі.

3. Отынға тапсырыс жасау.

4. Төлем шотын жүктеп алу және басып шығару.

5. Төлем жүргізу.

6. Төлем табысты жүргізілгеннен кейін Сатып алушының Жеке кабинетінде «Талондар» бөлімінде Электрондық талондар қолжетімді болады, оларды кейіннен ЖМҚС-та* қолдану үшін электрондық поштаға жіберуге немесе басып шығаруға болады.  

*Электрондық талондармен жұмыс істеу бойынша сатып алушыларға арналған нұсқаулық қоса беріледі.


Сатып алушы:

- Жеке кабинетте тіркелу үшін Сатып алушының көрсетілген деректерінің, мәліметтерінің толықтығы мен расталғаны үшін;

- Электрондық талондарды көбейту, көшіру, сканерлеу және үшінші тұлғаларға берілуі үшін жеке өзі жауапты болады.

Штрих-кодын анықтауға мүмкіндігі жоқ, сәйкестендіруге жатпайтын, сондай-ақ бұрын қолданған электрондық талондар ЖМҚС-та* қызмет көрсету үшін қабылданбайды.


Ескерту: ЖМҚС-та* штрих-кодтардың оқылуына байланысты ықтимал проблемаларды болдыртпау үшін Электрондық талондарды жақсы сапада басып алу қажет.

*ЖМҚС (соның ішінде ЖМҚС; АГҚС, ЖМҚС-АГҚС)

Жария оферта

Шарттың жобасы