«ҚАЗМҰНАЙГАЗ ӨНІМДЕРІ» ЖШС slogan
Call-орталығы

Автопарк «ҚазМұнайГаз Өнiмдерi» ЖШС

1.benzovoz.jpg«ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС бензовоздар паркі газовоздардың есебімен 211 бірлікті құрайды. Компания меншігінде қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі барлық талаптарға толық жауап беретін жанар-жағар май станцияларына мұнай өнімдерін жеткізу үшін Ресейде шығарылған ең үздік деген замануи бензовоздары бар. Автоцистерналар тығыздығы 0,83 т/м3 аспайтын, ақшыл мұнай өнімдерін тасымалдауға, уақытша сақтауға және құюға арналған. Цистерналардың көлемі — 4–40 м³ аралығында. Цистерналар МАЗ, КАМАЗ автомобильдерінің шассиіне орнатылады. Цистерналардың стандарттық жинақтамасына Sening, БРС Elaflex сұйықтық түбіне жететін қақпақшасы, қылтаның алюминийден жасалған қақпақтары кіреді. Автоцистерналар бір және төрт аралығындағы оқшауланған герметикалық отсектерді қамтитын көпсекциялы сыйымдылықтармен жабдықталған. Бұл мұнай өнімдерінің төрт түрін біруақытылы жеткізу мүмкіндігін береді.

От қауіпті жүктерді тасымалдау үшін автоотынжағармай құюшылар өрт қорғау құралдарымен жабдықталған. ЖКЖ барысында тұтанудан қорғау үшін цистернаның ішінде толқынкескіш және арнайы бөлгіш орнатылған. Бензин тасушылар үшін бензинді тасу немесе құю барысында цистернаның қабырғаларына жиналуы мүмкін статикалық электр үлкен қауіп туғызады. Шағын ұшқын бензин буларын тұтантып, апатқа әкеп соқтыруы мүмкін. Осыны болдырмау үшін бензин тасуға арналған автоцистерналар статикалық зарядты түсіруге мүмкіндік беретін арнайы жерге қосылған жүйемен жабдықталуы керек.

Барлық бензин тасушылар гидрофицирленген, қауіпті жүктерді таситын автокөлік құралдарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес, және жүргізушілердің еңбек пен демалыс режимдерін тіркеудің бақылау қондырғыларымен (тахографтармен) жабдықталған.

Қауіпті жүктерді тасуды жүзеге асыратын жүргізушілердің кәсіби өтілі 3 жылдан жоғары. Барлық жүргізушілер арнайы дайындық бойынша курстарда оқыған және қауіпті жүкті тасуға жүргізушінің рұқсат куәліктері бар.

Бензин тасушыларға техникалық қызмет көрсету мен жөндеу қазіргі заманғы технологиялық жабдықпен, саймандар және материалдары бар, сондай-ақ жоғары кәсіби персоналы бар «Автоцентр КамАЗ» сияқты мамандандырылған жөндеу кәсіпорындарында жүзеге асырылады.

Мұнайбазалары          

«ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС ЖЖМ-ны сақтау Қазақстанның 11 аймағында 37 мұнайбазада жүзеге асырылады. Барлық мұнай өнімдерін сақтау базалары Қазақстан Республикасы Заңнамаларының талаптарына сай келеді. Мұнай өнімдерін қабылдау, сақтау, жіберу және есептеуге арналған ғимарат, құрылыс және коммуникация кешенінен тұратын қойма кәсіпорындары — мұнай өнімдерінің көтерме және бөлшектік сатудың технологиялық тізбесінің қажетті буыны.          

neftebaza1.jpg

neftebaza2.jpgМұнайбазаларының негізгі міндеттері болып ең алдымен АЖМС-тің өзіндік желісін үздіксіз жабдықтауын мұнай өнімдерімен қажетті көлемде және ассортиментте қамтамасыз ету, сондай-ақ мұнай өнімдері сапасын сақтаудың кепілдігі және оларды қабылдау, сақтау және жіберу барысында олардың шығынын минимумға дейін қысқарту.

Мұнай өнімдерін мұнайбазаларына жеткізу мұнайбаза жобасына қатысты автокөлік, темір жол және құбыр тасымал көлігімен жүзеге асырылады.

Барлық мұнайбазалары телефонмен жабдықталған, мүмкін апаттық жағдайларды жоюға арналған, оның ішінде мұнай өнімдерінің апаттық төгілуін болдырмайтын материалдар және құралдармен жинақталған.

neftebaza3.jpg neftebaza4.jpgМұнайбазаларын пайдалану қоршаған ортаны (ауаны, сыртқы суды, топырақты) рұқсат етілетін нормалардан жоғары зиянды заттармен кірлендіруге әкелмейді.

Мұнай өнімдерінің сапасын мен тасымалдау кезіндегі олардың жеделдігін сақтау мақсатында Астана қаласында мұнай өнімдерін қабылдау және жіберуді бір жұмыс орнынан жүзеге асыру мүмкіндігін беретін алғашқы автоматтандырылған жүйе мұнай базасы іске қосылды. Мұнай базасының резервуарлық паркінің көлемі 9600 м³ құрайды. Теміржол вагон цистерналарын қабылдау және тиеу үшін 6 орынға арналған эстакада пайдаланылады. Сондай-ақ, бұл жерде біруақытылы 5 бензовозға қызмет көрсетуге болады.

АЖМС жабдықтары 

ob.JPG

«ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС бөлшектік сату объектілерінде Tokheim, Gilbarco Veeder Root, Dresser Wayne AB, Petposan және басқа да түрлі әлемдік отынтарату индустрия өндірушілерінің жабдықтары пайдаланылады. «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС -ның көптеген АЖМС-і «Tokheim» маркалы Quantium 500Т және Quantium 300Т сериялы отынтарату бағандарымен (ОТБ) жабдықталған.

Quantium 500Т — бұл мұнайөнімдерін 4 түрге дейін жүзеге асыру мүмкіндігі бар көпөнімдік ОТБ. Жабдық отынтарату тармақтарының (шлангыларының) өз-өзіне қайтару жүйесімен жинақталған. Шлангылар саны 1-ден 8-ге дейін. Жабдықтың өнімділігі бензин үшін 40 л/мин, дизельді отын үшін 40/ 80 /130 л/мин құрайды.

«ҚазМұнайГаз»  барлық  МҚС-тарының  қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін автоматтандырылған басқару бағдарламасы бар «MasterPOS» және  «MasterSoft» ақшасыз төлем жүргізетін онлайн жүйесімен жабдықталған. Бағдарламалық танымдар МҚС жүйесінің барлық деңгейлік басқаруларын кешенді  түрде автоматтандыруға  мүмкіндік береді, оған   ақшасыз төлем жүйесі, жабдықтардың параметрлерімен, әрекеттерімен, және де біртұтас технологиялық топтаманы сақтау, барлық операцияларды басқару және бақылау жатады.   

Басқарудың автоматтандырылған жүйесін пайдалану жұмыс өндірісін анағұрлым жоғарылатуға, бензин тасушылардан мұнай өнімдерін қабылдау барысында шығынын азайтуға, өндірістік процеске адами фактордың ықпалын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік берді. 

Жаңа мүмкіндіктер

ҚазМұнайГаз жанар-жағар май станциялары аз уақытта жүргізілген қайта құрудың арқасында жаңа ажарға бөленді. Станциялардың сыртқы жарық дизайні автокөлік иелеріне алыстан-ақ көрінуде. Компания негізі ҚазМұнайГаз брендін көзбен шолу қабылдауын еселеу болып табылатын, жаңа әрі ең қолайлы дизайн шешімдерін таңдады. Компания брендінің өзі танылатындай қалып, бұнымен қатар Қазақстанның мұнай өнімдерін сату нарығында көшбасшы компаниясының айқын «көшбасшылық" нышанына ие болып отыр.

0706_1.jpg 0706_3.jpgРестайлинг барысында жарнама жабдығының ішкі және сыртқы нүктелі қаракөлеңкесін оңтайлы біріктірілуі, бағалық алаңның әр тармағы «жылжыма тармағы» түрінде тәуелсіз көрсеткіш тақтасы болып табылатын шынының бағалық идикациясы сияқты ең соңғы деген дизайнерлік, сындарлы және технологиялық өндеулер енгізілді. Бұның барлығы статикалық тәртіпте отынның бағасы туралы, ақпаратты, ал жылжыма тармақ тәртібінде жанар-жағар май станцияларындағы акциялар мен шегерімдер туралы, ақпаратты, сондай-ақ қысқаша құттықтауларды шығаруды береді.

Қайта құру арқасында жанар-жағар май станцияларының сыртқы қасбетімен бірге олардың ішкі ресімделуі-де өзгеріске ұшырады. Атап айтқанда, ілеспелі тауарлар дүкені ашылып, бұған дейін қазақстандық көлік жүргізушісі беймәлім болған жаңа опциялар (жуу көпірлері) енгізілді. Өнімді шығаруда ең сапалы деген материалдар мен қосалқы бөлшектер ғана пайдаланылған.

Тәжірибе көрсетіп отырғандай, рестайлинг клиенттер саны мен олардың ниеттестігін арттыруға апаратын жақсы нәтижелерді береді. Тұтынушыларға көрсетілетін қызмет көлемі мен сапасының кеңеюімен қатар, қызмет көрсету жылдамдығы да айтарлықтай артып отыр

Бүгінгі таңда 274 МҚС  жаңартылды.