«ҚАЗМҰНАЙГАЗ ӨНІМДЕРІ» ЖШС slogan
Call-орталығы

CODO бағдарламасы

2015 жылдың шілде айында «ҚазМұнайГаз» ЖМҚС-ның жартысына жуығын жекеше басқаруға беру бойынша еліміз үшін бірегей әріптестік бағдарлама бастау алды. Бағдарламаның міндеттері көп. Бір жағынан, ол республика өңірлерінде шағын және орта бизнеске бағытталған және экономиканың тиімді жекеше секторын құруға, мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамытуға жәрдемдеседі.

Бағдарлама «Самұрық-Қазына» компаниялары тобын трансформациялау шеңберінде өткізіледі және оның негізгі мақсаттары – шығындарды оңтайландыру, шағын және орта бизнесті қолдау. Жаңа бағдарлама – CODO жұмысының басты принципі «Компания иеленеді – дилер басқарады» деп түсіндіріледі. «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС жанар-май құю станциялары желісін басқару саласындағы әлемдік тәжірибені ендіруде. Бұл ретте ЖМҚС жекешелендірілмейді және компанияның меншігінде қалады, мұнай өнімдерінің жалғыз жеткізушісі «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС болып қалуда.

Осыған ұқсас схема бойынша АҚШ-та Exxon Mobil, Shell, Chevron компаниялары, Еуропада - Лукойл, Ромпетрол, Ресейде - Лукойл, Shell және басқалар жұмыс істейді.

Бұл ретте компанияларға рентабельді, тұрақты табыс әкелетін, бірақ осы өңірде орта тәуліктік сату орта деңгейден төмен болатын ЖМҚС берілді. Сондай-ақ, басқаруға алыстағы жанар-май құю кешендері берілді. Кәсіпкердің жауапкершілігіне мұнай өнімдерін сату мен ҚМГ-ның корпоративтік стилін сақтап тұрудан басқа, станция аймағын, сауда залдарын тазалау және т.б. жүктеледі. Бұл ретте, барлық кезендерде мұнай өнімдерінің сапасын бақылау сақталады: ҚМГӨ мұнай базаларына вагон-цистерналарымен келетін мұнай өнімдерін қабылдау-тапсыруды талдау, мұнай базасының резервуарларына мұнай өнімдері қабылданғаннан кейінгі бақылауды талдау, ЖМҚС-қа автоцистерналармен келетін өнімдерді қабылдау-тапсыруды талдау.

Бүгінгі күні еліміздің түрлі өңірлерінде 110 кәсіпкер 150 «ҚазМұнайГаз» ЖМҚС-ны табысты басқарып келеді.

Қосымша ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: +7(7172)97-42-18.

DODO бағдарламасы

2016 жылдан бастап «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС-де «DODO» - Dealer Owned – Dealer Operated атты франчайзингтік бағдарлама белсенді дами бастады, бұл «Әріптес иеленеді – әріптес басқарады» дегенді білдіреді, осы бағдарлама келешекте «ҚМГ» ЖМҚС желісін дамытудың басты бағытына айналуы тиіс. Бағдарламаның негізгі мақсаты – ЖМҚС иелеріне «ҚазМұнайГаз» жанар-май құю станциялары желісінің бір бөлігі болуға – яғни, Қазақстанда жақсы танылған, тұтынушылардың сеніміне ие ҚМГ брендімен жұмыс істеп, мұнай өнімдерін сатуға мүмкіндік беру.

Бағдарламаның міндеттері көп. Бір жағынан, ол республика өңірлерінде шағын және орта бизнеске бағытталған және экономиканың тиімді жекеше секторын құруға, мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамытуға жәрдемдеседі.

Қазіргі уақытта «ҚазМұнайГаз» бренді халық арасында танымал, сондай-ақ оның заңды және жеке тұлғалар арасында клиенттердің үлкен базасы бар, бұл әріптестерге брендті пайдалану есебінен табыс алуға мүмкіндік береді.

Бағдарламаның негізгі мақсаты – ЖМҚС иелеріне «ҚазМұнайГаз» брендімен жұмыс істеуге, қолма-қол ақшамен және қолма-қол ақшасыз мұнай өнімдерін сатуға, жұмыс істеп тұрған өзінің жанар-май құю станциясын барынша тиімді басқаруға мүмкіндік туғызу.

Басқа сөзбен айтқанда, жоба қазіргі кезде мүнай өнімдерін жеткізуде қиыншылықтары бар жеке тұрған жанар-май құю станцияларына, сондай-ақ үлкен емес жекеше ЖМҚС желілеріне қолдау көрсетуге бағытталған және нарық жағдайында өз қызметін жалғастыруға, жұмыс орындарын сақтап қалуға мүмкіндік береді.

Шағын бизнеске арналған артықшылықтардан басқа, бағдарламаның Қазақстан Республикасы үшін оң факторлары бар, соның ішінде мұнай өнімдерінің көлеңкелі айналымын азайту, жол бойындағы сервис пен мұнай өнімдерінің сапасын жақсарту, салық алымын арттыру.  

Компанияда клиент кішігірім сыртқы айырмашылықтардан басқа, мұнай өнімдерінің сапасында, сондай-ақ әріптес басқаратын ЖМҚС-тағы мен ҚМГ басқаратын станциялардағы қызмет көрсету стандарттарында ешбір айырмашылықты байқамайды деп атап көрсетеді. Әріптестің ЖМҚС-лары арнайы дайындалған бірыңғай корпоративтік стильге келтіріледі. «ҚазМұнайГаз Өнімдері» компаниясы әріптестердің ЖМҚС-ларына мұнай өнімдерінің тұрақты жеткізілімін қамтамасыз етеді, қолма-қол ақша сатылымдар бойынша клиенттерді тартатын болады. Бұдан басқа, маркетингтік бағдарламалар жүзеге асырылады, «ҚазМұнайГаз Клуб» шеңберінде жарнамалық акциялар мен іс-шаралар жүргізіледі. Сондай-ақ, ҚМГ мұнай өнімдерінің сапасына және ЖМҚС-тардың техникалық жағдайына қатысты Әріптестің жұмысын бақылау функцияларын қамтамасыз етеді.

Қосымша ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: +7(7172)97-42-94, n.dunisov@azskmg.kz.