«ҚАЗМҰНАЙГАЗ ӨНІМДЕРІ» ЖШС slogan
Call-орталығы

Бүгінгі таңда «ҚазМұнайГаз» ЖМҚС бөлшек сауда жүйесіне 342 май құю стансасы енеді, оның құрамына  саны 12 МГҚС, АГМҚС, («ЖМҚС жүйесін кеңейтеміз» қараңыз), сонымен қатар 11 жеке мұнай базасы енеді. «ҚазМұнайГаздың» барлық ЖМҚС-тарында  тұтынушыларға отандық зауыттардың  және  Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасының МӨЗ-дерінің  сапалы жанармайын  ұсынады, сонымен қатар ілеспе тауардың кең спектрі  және қосымша қызмет көрсетеді, олар: дүкендер, кемпингтер, техникалық қызмет көрсету стансалары, авто жуу тұрақтары.     

Төлемдерді Сізге ыңғайлы әдіспен төлеуге болады – ақшалай, банктік төлем карточкаларымен, жанармайлық карточкалармен.    

«ҚазМұнайГаз» ақшасыз есеп айырысулардың жүйесін жолға қойған, бұл әдіс жанармай шығындарын басқаруға және ЖЖМ шығындарын бақылауға ыңғайлы. 

Компанияда  жанармайдың барлық  қозғалыс  кезеңдерінде мұнай өнімінің сапасын тікелей бағытта бақылау жүйесі құрылып  жұмыс істеуде, олар: мұнай базасында вагон-цистерналарын қабылдау, мұнай базасының резервуарларында отынды сақтау,  мұнай базасынан ЖМҚС-қа  жіберу және тұтынушыларға отынды тарату.

«ҚазМұнайГаз» нысандарында отын сапасын бақылауды Қазақстан Республикасының мемлекеттік аккредиттеу жүйесінде аккредиттелген «Сынау орталығы» филиалының зертханалары жүзеге асырады. 

Серіктестіктің зертханалары Алматы, Астана, Атырау қалаларында жыл сайын Серіктестіктің 8500-ден астам объектілерінде бақылауды жүзеге асырады: қабылдау кезеңінде  - 2500 жуық, мұнай базаларында сақтау кезеңінде - 2300, іске асыру кезеңінде – шамамен 3700 объектіні тексереді.  

Зертханалардың қазіргі заманғы жоғары технологиялық жабдығы халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес автомобильге арналған бензин мен дизельдік отынның сынақтарын  өткізуге мүмкіндік береді. Зертханалар жыл сайын шамамен 151 000 сынақ, оның ішінде автомобильге арналған бензинге – 97 000 астам сынақ, дизельдік отынға – шамамен 54 000 сынақ өткізеді.


Жанармай сапасына шағымдар болған кезде тұтынушылар жадынаманы басшылыққа алады.

2015 жылдың шілдесінен бастап «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС Қазақстан үшін бірегейлі «ҚазМұнайГаз» ЖМҚС-тарын жеке  басқаруға беру  жөніндегі серіктестік бағдарламасын іске қосты.  Бағдарлама шағын бизнесті қолдау үшін  жасалып, аймақтарда экономикалық жағдайларды жақсартуға,  сонымен қатар тиімді жеке секторды құруға және мемлекеттік -жеке серіктестікті дамытуға бағытталды. Бүгінгі таңда жеке басқаруға 151 ЖМҚС берілді.

Қызметтің басты бағыттары:

  • Мұнай өнімдерін, газды көтерме және бөлшек сауда арқылы тарату;

  • Сұйытылған мұнай газды тарату (ТМД);

  • ЖМҚС-тарды, газ толтыратын стансаларды, автомобильдік газ толтыратын компрессорлық стансаларды  пайдалану және жөндеу;
  • Мұнай өнімдерін сақтау  бойынша қызмет көрсету;
  • Мұнай өнімдерінің сапасын анықтау үшін зертханалық сынақтар;
  • ЖМҚС және МГҚС ілеспе қызметтер көрсету.